- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Шардара қаласында Таэквондо-ITF спортынан Түркістан облысы чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген спортшылар өз бақтарын сынады.

Аудандық мәслихат төрағасы Арман Қарсыбаев атлаған спорт түрінің Шардара ауданында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Түркістан облысының Таэквондо-ITF федерациясының президенті Айдын Қамытбаев облыстық чемпионатқа қатысып, жақсы өнер көрсеткен спортшыларға өз алғысын білдірді.
Облыс чемпионаттың қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Шардара ауданы, ІІ орынды Түркістан қаласы, ІІІ орынды Ордабасы ауданы еншіледі. Жарыс соңында жеңімпаз командаларға медаль, кубоктар және сыйлықтар табыс етілді.