МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

779 көрілім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-аккаунтында.

Бүгін адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1998 жылы Президент Жарлығымен бекітілген бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы