“Жастарға – Кеңес” жобасы аясында жастарға баспана алу, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстары жалғасуда.
Түркістан қаласында орналасқан «Қуаныш» базарында облыстық «Жастар Рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен тұрғындарға, қала жастарына кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Жастарға қазіргі таңдағы өзекті мәселе баспана алу жолдары мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несие бойынша сұрақтарға жауап беріп, кеңес беруге облыстық мәслихат депутаты Намазбаева Инара, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының басшы орынбасары Муйтембаев Азат, «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының менежер-кеңесшісі Құлажан Дамира, «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының кеңесшілері, облыстық Жастар ресурстық орталығының өкілі, және Жұмыспен қамту орталығының маманы Әбләзім Жангелді қатысты.

«Отбасы банк» кеңесшілерінің көмегімен 6 адам өз баспаналарына алғашқы салым салушы ретінде депозит ашты. Жұмыспен қамту орталығының көмегіне 20 астам жас жүгінді, алдағы уақытта жұмыссыздық статусын алып, бос жұмыс орындары мемлекеттік бағдарламалар арқылы орналасатын болады. Базардағы кәсіпкерлер кәсібін дамыту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» және «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы тарапынан ұсынылатын жаңа жобалармен танысты. Ал, базар басшысы Инара Намазбаева жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындарын ұсынды.
Кеңес алушылардың қатарындағы Жайық Медет, жас маман Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі мемлекеттік бағдарлама «Қоғамдық жұмыс» бойынша жұмыссыздық статусын алып, жұмысқа жолдама алатын болды.
Сонымен қатар «Жастарға жұмыс» жобасы алдағы уақытта Арыс, Кентау қалаларында жалғасын табатын болады, оған көптеп жұмыс берушілер шақыру көзделуде.