Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылдық округінде заманауи үлгімен салынған жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді. Ақжар ауылдық округінің орталық имандылық үйінің ашылуына, Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, Сарыағаш ауданының бас имамы Тұрлыбек Төлебеков, Ақжар ауылдық округі әкімі Ермек Сапарбаев ауданға белгілі ақсақалдар және мешітті салуға мұрындық болған Ақжар ауылының тұрғындары қатысты.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде өңірімізде дін саласында да үлкен жұмыстар атқарылды. Жаңадан мешіттер тұрғызылып, Ислам дінін оқытатын мамандар даярланды. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табуда.

Салтанатты түрде ашылған 1200 орындық Ақжар мешіті атындағы ауылдық мешітте алдымен әруақтарға құран бағышталып, ақсақалдар батасын берді. Өткен жылы құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 750 шаршы метрден асады.