МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАС ПРОКУРОР БЕРІК АСЫЛОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

255 көрілім

Бас прокурор:

▪️Абай облысындағы өрт дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жөнінде баяндады:

Бас прокурордың орынбасарының басшылығымен құқық қорғау және арнаулы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған;

– тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады.

▪️резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу және қоғам мүддесін қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы мәлімет берді:

– әлеуметтік-экономикалық салаларды тексеру нәтижесінде 11 мың адам түрлі деңгейде жауапқа тартылған;

– тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін бюджетке 10 миллиард теңге қайтарылған;

– сотта 15,2 миллиард теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалған.

▪️бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады:

– Бас прокуратураның бастамасымен 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізуді көздеген әртүрлі министрліктің 9 бұйрығының күші жойылған;

– 2,5 миллиард теңге өндіріп алу жөніндегі 21 мың салық бұйрығы заңсыз деп танылған.

▪️қылмыстық ахуал және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрттің мән-жайын объективті түрде тергеу маңызды екеніне тоқталып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық салаларындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы