- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Түркістан облысының 5 жылдығына орай Этноауыл аумағында «Өнерлі өлке» атты облыстық өнер фестивалінде Сарыағаш ауданының күндері басталды. Фестиваль аясында сағат 15:00 мен 20:00 аралығында «АСЫЛ МҰРА» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі ұсынылып, салт-дәстүрлер мен ғұрыптардан көріністер көрсетілуде. Сонымен қатар, терме, халық әндері мен дәстүрлі әндер орындалып, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізілмек.

Айта кетейік, өнер фестивалінің екінші күні «САРЫАҒАШ СЫЙЫ» атты Сарыағаш ауданында өндірілген өнімдер мен ауылшаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке-көрме ұйымдастырылатын болады. Ал 11 маусым сағат 20:00-де «Visit Turkestan » орталығы алаңында өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді. Концертте Сарыағаш ауданынан шыққан өнер жұлдыздары, ҚР мәдениет қайраткері Медеу Арынбаев, актер Мейірғат Амангелдин өнер көрсетеді. Аталған концерттің мақсаты жайлы Сарыағаш ауданы мәдениет үйі директорының орынбасары Шахризада Райымбек ханымның ойын білдік.
– Қазақта салт-дәстүр көп. Тал бесіктен жер бесікке дейін салт-дәстүр.
Солардың ұмыт бола бастағанын кішкене фрагментпен барлық жерде қойып шығамыз. Ең соңында сахнада ойын-сауық болады. Соны жас ұрпақтың есінде қалдыру біздің міндет. Негізі біз жастарға қазақтың салт-дәстүрі қаншалықты мықты екенін дәріптегіміз келеді. Қазақтың салт-дәстүрімен қаруланып алсақ, бізді жау алмайды. Сонымен қатар, келетін туристерге де соны түсіндіреміз – дейді Ш.Райымбек.
Айта кетейік, алдағы күндері қала тұрғындарына арналған Сарыағаш ауданында өндірілген өнімдер жәрмеңкесінде жеңілдіктер қарастырылған.
Арайлым МАДЕН,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті.