Түркістанның “Тұран» командасының 2013 жылы туған шәкірттері Хорватияның Сплит қаласында өткен “Dalmatinko Cup” халықаралық жарысына қатысты.

“А” тобында ойнаған Жасұлан Елеусіз шәкірттері алғашқы матчта “Ядранмен” кездесіп, 3:0 есебімен жеңді. Екінші ойында “Талент” командасына есе жіберсе (1:2), үшінші кездесуде Солтүстік Македонияның “Студеничан” балаларын 2:0 есебімен ұтты.

Сөйтіп топтан алты ұпай жинап, 1/8 финалға жолдама алды. Бірақ тартысты матчта атақты “Загребтің” өрендеріне жол беріп (0:1), жарысты аяқтады. Дегенмен түркістандық жеткіншектер, қаракөз балалар Балқан түбегінде жігерлі екендерін аңғартты.