«Ж.СҮЛЕЙМЕНОВ» ӨК-НЕ СУ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

481 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Ж.Сүлейменов» ӨК-ның суды арналар арқылы беру қызметі бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.

Талдау барысында суды арналар арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, «Ж.Сүлейменов» ӨК-ның тұтынушыларына тарифті 1000 теңге м3 үшін 341,48-ден 108,58 теңгеге дейін немесе 68,2% ға уақытша төмендету арқылы 1 817 085,33 теңге көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы