ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУДЫ ТАРАТУШЫ ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФТЕР БЕКІТІЛДІ

464 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін, «ЕЛСУ и К» ЖШС-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф пен тарифтік сметаны м3 үшін 94,30 теңгеден 13,17 теңгеге дейін немесе субъект тарифінің жобалық деңгейінен 12,97%-ға төмендете отырып  бекіту туралы шешім қабылдады.

Монополист тариф жобасын 94,30 теңге/ м3 мөлшерінде ұсынды.

ТМРКД монополистің тарифтері төмендегідей қабылдады:

  • орташа тариф –81,13теңге/м3;
  • халықүшін– 66,03 теңге/м3;
  • заңды тұлғалар үшін– 122,67 теңге/м3.

Жоғарыда аталған тарифтер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне еніп, 2024 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады.

Ал 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап келесі тарифтер күшіне енеді және қолданыста болады:

  • орташа тариф – 82,07 теңге/м3;
  • халық үшін – 66,80 теңге/м3;
  • заңды тұлғалар үшін – 124,08 теңге/м3.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы