Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне іс-сапары барысында, жаңадан заманауи үлгіде салынып жатқан жекеменшік білім беру мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Ауданымызда жыл санап жекеменшік зияткерлік мектептер саны артуда. Бұл көз қуантарлық жағдай. Бұл өз кезегінде мектептердегі білім сапасының артуының кепілі», – деді құрылыс нысанында болған аудан басшысы Арман Абдуллаев. Құрылыс жұмыстарымен таныстырған жеке кәсіпкер аудан әкіміне балаларға қажетті жағдай жасалатыны, сонымен қатар құрылыс нормаларына сәйкес жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті.

Айта кетсек, жеке меншік мектептің құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталу жоспарлануда. Сондай-ақ, мектепте оқушылардың күні бойы мектепте сабақ оқуына, үй