Келес ауданында кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Абай ауылында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков мектеп гимназиясының базасында өткен комиссия отырысына аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, аудандық полиция бөлімінің өкілдері, аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметшілері мен мектеп директорлары және ата-аналар қатысты.

Жиынның күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың, оларға жасалған қылмыстарды алдын алу және жаз айларындағы төтенше жағдайларды алдын алу мәселелері қаралды. Көтерілген мәселелер бойынша жауаптылар баяндама жасап, қажетті ұсыныстар енгізілді.