ТӨЛЕБИЛІК ДИҚАН ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІМЕН ҚИЯР ӨНІМІН АЛДЫ

3  893 көрілім

Төлеби ауданындағы шаруалар жылыжай салып, тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы көкөніс егуді қолға алған. Таулы аумаққа көктем кеш түсетініне байланысты, жылыжайдың пайдасы орасан зор.

Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңаұйым елдімекенінің тұрғыны Мейіржан Ғаниұлы өзінің үйінің іргесінен 0,03 га жеріне жылыжай салып, қияр еккен. Бүгінгі таңда алынған өнімдермен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз етіп отыр.

Шаруаның ендігі алға қойған мақсаты – жылыжай көлемін ұлғайту. Сонымен қатар, балық өсіру шаруашылығымен айналысу үшін жеңілдетілген несие алу. Мейіржан Ғаниұлы кәсібін өркендету мақсатында сала мамандарынан кеңес алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы