ФУТБОЛДАН БІРІНШІ ЛИГАДА «ТҰРАН» ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

154 көрілім

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі 9-турында «Тұран» екінші орынға көтерілді. Бірінші лигада 9-турдың төрт кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Түркістандық «Тұран» аталған турда шымкенттік «Қыранды» 4:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл – түркістандық клубтың қатарынан үшінші жеңісі. Осылайша, турнир кестесінде 19 ұпаймен екінші орынға көтеріліп, семейлік «Елімайды» қуып жетті. Алайда, семейлік клубтың бір ойыны кем.

9-турдағы қалған үш ойында алматылық «Жас қыран» өз алаңында Түркістан облысының «Арыс» командасын 8:1, «Астана жастары» «Қайрат жастарын» 3:1 есебімен жеңсе, «Түркістан» елордалық «Жеңіске» 1:4 есебімен есе жіберді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы