ТҮРКІСТАНДЫҚ АЯҚДОП ШЕБЕРЛЕРІ ТОП ЖАРДЫ

169 көрілім

Атырауда 2007-2008 жылғы жас арулар арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының І айналымы аяқталды.

Тартысқа толы өткен аяқдоп шеберлері арасындағы сайыста Түркістананның «Томирис-Тұран» командасы 5 ойын өткізіп, керемет нәтиже көрсетті.

Атап өтсек, оралдық «Ақжайықты» 7:0 есебімен, ақтаулық «Каспийді» 3:0 есебімен,«Атырау» командасын 6:0 есебімен, қызылордалық «Қайсарды» 3:0 есебімен және «Ақтөбе» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Осындай ғаламат жетістікті көрсеткен тұрандықтар қақпасына тек 1 гол өткізіп, өз тобында топ бастады. Финалдық ойындар 8-15 қазан аралығында Алматы қаласында өткізілмек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы