Сессияға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде:
-Ордабасы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы N33/4 «2023-2025 жылдарға арналган аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
-Ордабасы ауданының «Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру мәдениет спорт жане агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы» көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;

-Ордабасы аудандық жер бөлу жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы;
-Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату және жалға беру жөніндегі сауда саттық (конкурстарды) дайындау және өткізу мақсатында конкурстық комиссиясын құру туралы;
-Аудан әкімдігінің құрамын қайта бекіту туралы мәселелер толығымен талқыланды. Сондай-ақ депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, өзгерістер енгізілді және шешімдер қабылданды.