Р.СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА «БОЛМАҒАН ОҚИҒА» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

393 көрілім

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында украиндық драматург Мария Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы сахналанды.

Премьераға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қойылымда әлем дамыған сайын адам баласының қатыгездігі қатар дамып жатқаны туралы баяндалады. Шығарманы қазақ тіліне аударған Құжырғали Төлеуішев. Театрдың көркемдік жетекшісі – А.Наурызбаев. Қойылым режиссері – Махамбет сыйлығының иегері М.Томанов, суретшісі – Қ.Шериев. Рөлдерді К.Аштекова, Ә.Жұман, Ж.Адырбекова, Ж.Маханов, А.Ильясов, Ғ.Бейсенбаев, М.Құрманбеков, А.Индемесова, Ж.Сейдахметова, Т.Қарынбаев, Б.Шаймахан сынды театр әртістері сомдап шықты.

Еске сала кетейік, премьера 18 мамыр күні де өтетін болады. Өнерсүйер барша көрермен театрдан мән-мағынаға толы қойылымды тамашалай алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы