ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БОКСТАН ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

384 көрілім

Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.

– Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем біріншілігінде 4 алтын, 1 күміс медаль олжалады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы