ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1  687 көрілім

Түркістандағы көпқабатты тұрғын үйлер халық көмегімен тазаланды. Сенбілікте жертөледегі және аулалар арасындағы күл-қоқысты тазалау жұмыстары жүргізілді.

Шаһар басшысы Рашид Аюповтың тапсырмасымен әкімдік қызметкерлері тұрғындармен бірлескен түрде және әрбір пәтер иесі өзі тұрған көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінің таза болуына да жауапкершілікпен қарауы керектігі түсіндірілді.
Тұрғындар жүзеге асырған тындырымды тірлік көпшіліктің
белсенділігімен нәтиже берді. I мөлтек ауданының көше комитетінің төрағасы Әділбек Досыбеков әркім өз айналасын таза ұстаса облыс орталығы таза қалаға айналары анық деген пікірде.


“Бүгінде “Пәтер иелерінің кооперативіне” қосылу қажеттілігі туындап отыр. Мекеме көпқабатты үйлердің шатырын жөндеу, жертөле тазалығын реттеу сынды жұмыстарын өз жауапкершілігіне алады. Әр пәтер иелері барболғаны айына 500 теңге төлемақы төлесе болғаны. Тұрғын үйлерді таза ұстау барлығымызға ортақ”,-деді Әділбек Қабылұлы.


№12 “А” көпқабатты үйдің тұрғыны Алия Ақбердиева пәтердің қажетті дүниелерін жөндеу жұмыстарына айына орта есеппен 30 мың теңге жұмсаймыз дейді. Ол көршілерімен келісіп “Пәтер иелерінің кооперативі” қызметіне жүгінген әлде қайда тиімді екенін алға тартты.


Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қаныш Үркінбаевтың айтуынша, I және II мөлтек аудандарындағы 75 көпқабатты үйдің 24-і келісім-шартқа отырған. Үгіт-насихат шаралары жалғасуда. Мекеме ағымдағы жөндеу, жылу жүйелерін жөндеу, қысқы мезгілге дайындау, санитарлық-техникалық тазалау мен электрлі-техникалық жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ететін болады.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы