ТҮРКІСТАНДЫҚ КӨКПАРШЫЛАР ЧЕМПИОНАТТА КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

320 көрілім

Шымкент қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген атшабарда көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының XVII чемпионаты аяқталды.

Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан іріктелген кіл мықты шабандоздар келіп, тартысқа толы көкпар ойындарын өткізді.

Соңғы кездері көкпар бәсекесі республикамызда жоғары деңгейде дамып келеді. Бұған дәлел барлық өңірде көкпаршылардың деңгейі өсіп, бәсекелестік жоғарылаған.

Аламан көкпар додасы Шымқалада мамырдың 4-11 аралығында өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Сайыс қорытындысында Жамбыл облысының талантты жігіттерінен құралған «Әулие-ата» командасы басты қарсыластары Түркістан облысының «Тұран» шабандоздарынан басым түсіп, бас жүлдеге иелік етті. Күміс жүлде түркістандықтарға бұйырса, қола жүлде алаң иелері Шымкент қаласы жігіттерінің уысына түсті.

Жүректі де білекті шабандоздар сайысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Сонымен қатар, үздік сәйгүлік, үздік шабандоз, үздік төрешілер алқасы да құрметтен құр қалмады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы