САРЫАҒАШ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

196 көрілім

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту мәселесі бойынша аралады. Алдымен, қалаға кіре-беріс аумақта атқарылып отырған жұмыстарды аралап көрді.

Айта кетсек, бүгінде аталған аумақта А-15 республикалық маңызы бар тас жолы бойын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Сәулет 2012» ЖШС-і мердігер мекемесі тарапынан жол бойындағы көп жылдық арша ағаштарын ретке келтіру, қураған ағаш бұталарын кесу, әктеу, дәрілеу және жол бойын шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Ал, «EREKE Construction» ЖШС-і мердігер мекемесі тарапынан жолдың қос бетіндегі ағаш қоршауларды жөндеу, қайта сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстардың барысына куә болған аудан әкімі жауапты тұлғаларға жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыстарды жүргізуді ескертті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы