- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
2023 жылдың 1-2 және 7-8 мамырында Түркістан музыкалық драма театры алғаш рет музыкалық комедия «Беу, қыздар-ай!» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады.
Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясы Кеңес заманында Социалистік «Еңбек ері» Зылиха Тамшыбаеваға арнап жазылған шығарма. Көрерменге жол тартқалы жарты ғасыр уақыт өтседе әлі өз бояуымен, ерекшелігінің арқасында сұранысқа ие шығарма. Спектакльді жас режиссер және композитор – Олжас Жақыпбек замануи бағытқа өзгертіп, көрерменге жаңа фарматта ұсынуда, театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, балетмейстер – Мадина Мұратбекова, гримм бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова, қоюшы суретші – Нұрлан Төлешов. Ал, сахна төрінде өнер көрсететін Түркістан музыкалық драма театрының жас актерлары және балет артистері. Басты рөлдерді Досымжан Арқабеков пен Шұғыла Жәнібекова сомдайды.
Ержан СМАҒҰЛ