Бүгін аудан әкімі Арман Айдарұлы Сарыағаш қаласына спорт кешенін салу үшін инвесторлар тарту мәселесі бойынша кездесу өткізді. Кездесуге қоғамдық кеңес мүшесі М.Асилов, Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспулов, Дарбаза ауылдық округінің әкімі Б.Ауезов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Н.Ахментаев қатысты.

Аталған кездесуде спорт кешенін салуға инвестор тарту мәселесі жан-жақты талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. М.Асилов спорт кешенін салуға инвестор болуға келісім берген азаматтардың бар екендігін айтып, спорт кешенінің дайын жобасымен таныстырды. Жоба бойынша спорт кешенінде заман талабына сай жатақхана, асхана, спортпен шұғылдануға арналған арнайы зал қарастырылған. Спорт кешенінің жобасымен танысқан аудан әкімі қала әкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына спорт кешеніне арнайы жерді заңдастырып беруді тапсырды.
Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.