САЙРАМДА «ҚАЗАҚСТАН – ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

290 көрілім

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалы қызметкерлерінің қолдауымен Ақсукент ауылында «Қазақстан – татулық пен достықтың киелі бесігі» атты іс-шара өтті.

Бірлікке үндеген шараға аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, зиялы қауым өкілдері және этнос жастары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев ел бірлігінің маңыздылығына тоқталып, бірқатар сала мамандарын қоғамдағы белсенділіктері үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

– Дүниежүзінде көптеген этнос өкілдері мекен ететін мемлекеттер аз емес. Солардың арасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс ұйыса ғұмыр кешіп жатқан Қазақстанның орны ерекше. Тіпті, біздің Отанымыз әлемдік аренада бірлік пен татулықтың символы ретінде бағаланып та келеді. Сол себепті, ондаған жылдар бойы мемлекеттік деңгейде тойланып келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің мәні мен маңызы айрықша. Бұл – ел ішіндегі түрлі этнос пен дін өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сый-құрметті арттырып, татулық, бірлік пен ортақ құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен мереке, – деді Сайрам аудандық филиалының басшысы.

Сондай-ақ жиында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Алмас Абдикадиров жергілікті жерде ынтымақтың сақталуына ауыл тұрғындарының қосып отырған елеулі үлестері үшін алғысын білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Жиында ақсақалдар мен этнос өкілдері тарапынан елдің ынтымағын нығайту бағытында келелі ойлар айтылды. Мұнан кейін, балалар мәнерлеп өлең оқып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы