Келес ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жобаға қызуғышылық танытып жатқан шаруалардың қатары көбейуде. Аудан халқының табысын ұлғайту мақсатында іске асып жатқан жобаға Келес ауданындағы Біртілек, Қошқарата, Ақтөбе және Ошақты ауылдық округтері аумағында тұратын азаматтар тартылуда. Себебі бұл жоба биыл пилоттық режимде іске асырылуына байланысты облыс аумағындағы аудандардан санаулы ауылдар енгізілді. Бұл туралы Келес аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев мәлімдеді.

-Алдағы жылдары жоба басқа да ауылдарда жалғасатын болады. Бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға Қошқарата ауылдық округінен «Үш Арыс KZ» өндірістік кооперативі өтінім білдіріп, 73 кооперетив мүшелерінің отыз алтысы құжаттарын өткізіп үлгерді. Бұл бірлестіктің негізгі мақсаты – өсімдік және мал шаруашылығын дамытуды көздейді. Ал Ошақты ауылдық округі аумағынан «Төрт түлік-2023» өндірістік коопертиві атынан 30 азамат жеңілдетілген несиені рәсімдеуге өз құжттарын тапсырған. Бұл бірлестік алдағы уақытта мал бордақылау кәсібімен айналыспақ, – деді бөлім басшысы.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар.