- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Әлемдік футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино Қазақстанға табан тіремек. Бұл оның біздің елге жасайтын алғашқы сапары. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Парижде Қазақстан Футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов пен Инфантино арасында кездесу өткен. Қос басшының жүздесуінде теңбіл доптың танымылдығын арттыру, еліміздегі футбол академияларының жұмыстары мен инфраструктурасы жөнінде сөз болған.
Джанни Инфантиноның Қазақстанға сапары мамыр айының 3-іне жоспарланып отыр. Бұл сапарда ФИФА аясындағы Қазақстанда өткізілетін бәсекелер мен Орталық Азиядағы футболдың өсуі жайында әңгіме өрбиді деп күтілуде. Айта кетейік, ФИФА-ның 9-шы Президенті Джанни Инфантино бұл қызметке 2016 жылы тағайындалған. 53 жасар швейцариялық әлемдік футболдағы ең беделді азамат болып табылады.