КІТАПСҮЙЕР ОҚЫРМАНДАР ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЖОБА

1  668 көрілім

  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Social Development Center» қоғамдық қорының қолдауымен шаһардағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да буккроссинг-аймақтың ашылу салтанаты өтті. Республикалық жоба аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау» коммерциялық емес АҚ-ның гранттық қаржыландыруы бойынша жүзеге асқан шара қалалық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен жүзеге асты.

  Буккроссинг (ағылшын тілінде – кітаптың айналымда жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген және адам мен кітап арасын  жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Ереже бойынша, кез келген адам өзі оқып, аяқтаған кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады. Ал, ол кітап өзге жанның қолына тиеді.  Солай жалғасын табады.

  Бұл бастаманың  негізгі мақсаты – жас ұрпақты рухани дамыту, кітап оқуға  насихаттау, қала тұрғындарының қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жоба  мүшелерінің санын көбейту. «Буккроссинг» қоз­ғалысы – кітап пен оқырман арасын жақын­датудың тиімді жолы.

  Аталған жиында «Social Development Center» қоғамдық қорының  атқарушы  директоры Б.Қазтұрғанов пен қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Камбар сөз сөйлеп, әлеуметтік жоба барысын, ауқымын таныстырды. Кітапсүйер түркістандық тұрғындар үшін «Social Development Center» қоғамдық  қоры  тарапынан 3 буккроссинг-аймақ сыйға тартылды. Олар Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-да, облыстық жастар ресурстық орталығында және «МegaCity» ойын-сауық орталығында орналасқан.

  Осы ретте, кітапсүйер қауымды, достарымды, қаламыздың барша оқырмандарын аталған буккроссинг-аймақтардан кітапты алып кетпес алдын, орнына кітап қойып алмастыруына немесе алған кітапты қайта орнына  қоюуына, сол бастамаға үйренуіне шақырамын. Ал, алдағы уақытта гүлденіп жатқан Түркістанымыздың тұрғындары арасынан буккроссинг мүшелерінің саны  артады деген үлкен сенімдемін.

Әсел ҚАЛМАТАЕВА,

қалалық жастар ресурстық орталығының теологы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы