КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІН ОҢТАЙЛЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН

559 көрілім

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлерінен келген өкілдер екі қолға бір күрек іздеген жандарға өз ұсыныстарын таныстырып, оларға көрсетілетін көмек пен жеңілдіктерін жеткізді. 


Аталған жоба 2021 жылдан бері жұмыс жасайды. Жалпы Түркістан өңірінен 2015 жылдан 2022 жылға дейін 11 892 адам қоныс аударып үлгерген. Ал, бүгінгі жобанының таныстырылу жәрмеңкесін ұйымдастырушылардың айтуынша өткен жылғы көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есеге ұлғайған. 2023 жылдың алғашқы 2 айының өзінде де тарихы терең, қарт Түркістаннан көшкен 34 отбасы, 79 адам өз қызметтеріне кірісіп кеткен. Дәлірек айтсақ, Павлодар облысына 15 отбасы, Солтүстік Қазақстанға 17, Абай өңіріне 1 және Ұлытауға 1 отбасы табан тірепті. 

Жалпы, Ұлттық жоба аясында мемлекет тарапынан көрсетілер көмек көп. Олардың ең негізгілері қоныс аударушыларға тұрғын үй жалдауы үшін қаржылай қолдау, тұрақты жұмыс, алдағы уақытта өз баспанасымен қамтамасыз ету жолдары бір арнаға қойылған. 

Бүгінгі өткен шара барысында да 4 облыстан келген 76 делегат тұрғындарды өз өңірлерін таңдауға бағыт-бағдар берді. Бүгінгі таңда Түркістандықтарға 4000-ға жуық жұмыс орны ұсынылып, Солтүстік өңірлердің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мақтарал, Сарыағаш пен Келес, Сайрам мен Ордабасы аудандарын аралап, енді ат басын түрленген Түркістанға тірегенді аймақ жұртшылығы да ықыласпен қарсы алды. Үкімет ұсынаған бағдарламалармен танысып, өзіне жақын мамандық бойынша жұмыс орнын іздегендер әр облыстыңартықшылығымен танысып, ол жақтағы берілетін көмектің ерекшеліктерін саралауға мүмкіндік алған. 

«Қуатты өңірлер – ел даумының драйвері» Ұлттық жобасы 2021 – 2025 жылдар аралығында іске асырылады. Бұл жоба арқасында елді-мекендердегі инфрақұрылымның жай-күйі жақсарып, жұмыссыздар санын азайтуға мүмкіндік берілуде. Бастапқы мақсат бойынша жоба соңына дейін 236 700 отбасының жағдайын тұрақтандыру көзделіп отыр. 

Көші-қон мәселесін оңтайлы шешу жолдары да жеңілдетілген. Қазіргі таңда жоба арқасында өзіңіз қалаған облысқа қоныс аударуға өтініш беру үшін Электронды еңбек биржасының ресми сайтын пайдалсаңыз болады. Сайтта құжаттар қабылдау бүгінгі күндері де тоқтаусыз жүргізілуде. 

Досхан ТӨЛЕГЕНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы