Түркістандағы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде Ұлы Отан соғысына қатысқан, осы білім ордасының ұстаздары мен түлектеріне, еңбек ардагерлеріне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты Ардагерлер тақтасы мен спорт ғимаратының ашылу іс-шарасы салтанатты жағдайда өтті.

Кеңес Одағының батыры Абдулла Үсенов пен Ұлы Отан соғысына қатысқан Сырлыбек Байжановқа арналған ескерткіш тақтасы ресми түрде ашылып, ұлыларды 1 минут үнсіздікпен еске алды. 90 жылдық тарихы бар шаңыраққа Республиканың әр өңірінен түлектері келіп, ақжарма көңілдерін ақтарды.

«Ата-аналар, Әмірхан Төлекбаев және өзге де мектеп түлектері, мұғалімдер спорт зал ашу туралы қала әкіміне өтініш білдірген болатынбыз. Өтінішіміз қабылданып, 2018 жылы сол кездегі шаһар басшысы Әліпбек Өсербаевтың басшылығымен спорт зал құрылысы басталып, биыл мінекей, пайдалануға беріліп отыр. Жаңа ескерткіш тұрғызу барысында мұнда аты жазылған тұлғалардың қатарын толықтырып, Н.Кенжебаев, С.Байжанов Ә.Есжанов, Д.Асанбаев, П. Мәмбетов, Д.Қияқбаев, М.Есентүгелов, Ә.Дайрабаев, С.Әбдіқадыров, Ә.Бекенов сынды Ұлы Отан соғысына қатысқан мектеп түлектері мен мұғалімдерінің есімдерін енгіздік», – деді мектеп директоры Қайрат Жусибалиев.

Келелі жиынның басты мақсаты келешек ұрпақ, ұлы тұлғалардың есімдерін мәңгілік есте сақтап, құрметтеп жүру.
Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.