Сарыағашта қайтарымсыз грант алған жандар бүгінде кәсібін жүйелі түрде жүргізіп отыр. Аудан басшысы Арман Айдарұлы кәсібін дөңгетеліп отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
Алдымен Әлімқұлов Бақдәулет Нұрғалиұлының ағаш өңдеу шеберханасына арнайы барып, шеберхананың бүгінгі таңдағы жұмыс барысымен танысып шықты.
– Ауданда жек кәсіпкерлер санының артуы бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы. Дана халқымыз «Еңбек – ырыстың қадірі» дегендей бастаған ісіңізге сәттілік тілеймін, атқарып жатқан еңбегіңіздің берекесін берсін!, – деді аудан басшысы.
Шеберхана жұмысына қаныққан аудан әкіміне жеке кәсіпкер Бақдәулет Нұрғалиұлы алдағы уақытта шеберханасын кеңейтіп, отандық құрылғылармен қамтуды жоспарлауда екендігін жеткізді.
Содан соң аудан әкімі Дуйсек Жасұлан Еркінұлының Сарыағаш қаласындағы электрлік қызмет көрсету орталығына барды. Айта кетсек, кәсіпкер 2021 жылдың қараша айында қайтарымсыз грант алып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетуде. Электрлік қызмет көрсету орталығының иесі аудан әкіміне жұмысы барысы жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жасұлан Еркінұлының жұмысымен танысқан аудан әкімі кәсібіне толағай табыс тіледі.