Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Сарыағаш-Тұрмыс» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметі бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.
Талдау барысында сарқынды суларды бұру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.
Нәтижесінде, «Сарыағаш-Тұрмыс» МКК-ның тұтынушыларына тарифті м3 үшін 88,52-ден 36,22 теңгеге дейін немесе 59,08%-ға уақытша төмендету арқылы 9 521 814,78 теңге көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.
Бұйрық 2023 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.