- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Төлеген-ата» ШҚ-ның суды арналар арқылы беру қызметі бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.
Талдау барысында суды арналар арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеліп соқты.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.
Нәтижесінде, «Төлеген-ата» ШҚ-ның тұтынушыларына тарифті 1000 теңге м3 үшін 4 701,82-ден 3 604,59 теңгеге дейін немесе 23,33%-ға уақытша төмендету арқылы 576 191 теңге көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.
Бұйрық 2023 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.