ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ АКВАТЛОННАН ЖАРЫС ӨТТІ

1  805 көрілім

Бүгін Түркістан су спорт кешенінде акватлоннан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Жүзу мен қашықтыққа жүгіру кезеңінен тұратын сайысқа оңтүстік өңірі аймағынан 100-ден астам жас жеткіншек қатысты.


Спортшыларға сәттілік тілеген бас төреші Любовь Белоус пен спорт кешенінің меңгерушісі Ғалымжан Құдияров жүлдегерлер арнайы медальдармен марапатталатынын жеткізді. Олимпиадалық спорт түрі саналатын треатлоннан акватлонның айырмашылығы – тек шайтанарбамен сайыс кезеңі енгізілмеген.


Облыс орталығында алғаш рет өткізілген спорт аламанында 2003 және 2010 жылдар аралығында туған жасөспірімдер бақ сынады. Жарыс қорытындысы туралы газетіміздің №45 санында қосымша толық ақпарат ұсынатын боламыз.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
“Түркістан”.
Суреттер автордікі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы