САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ӘРБІР ТҰРҒЫНҒА ҚАТЫСТЫ

275 көрілім

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл тұрғын халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе. МӘМС жүйесінің қатысушылары дер кезінде, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сауран аудандық емханасы медициналық қызметінің сапасын бақылау жөніндегі басшы орынбасары Нұрсұлтан Қарабаев:

– Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік сақтандыру шаралары жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама ел үшін, Сауран ауданы тұрғындары үшін қаншалықты маңызды рөл атқарады? Яғни, бұл шараның бұқара халық үшін қаншалықты пайдасы бар. Осыған тоқталып өтсеңіз.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзектендіру шараларын жандандырып, МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың үлесін 2023 жылға 85% -ға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазіргі таңда Сауран аудандық емханасында бекітілген халық тіркелімі(БХТ) порталы мәліметі бойынша 78874 тұрғын тіркелген. Емханаға тіркелген 61559 тұрғын медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу құқығына ие. «Сақтандыру» ақпараттық жүйесінің 2023 жылғы 1-ақпандағы мәліметіне сәйкес, емханаға тіркелген халықтың сақтандырылмаған тұрғындар саны 17315(21.9%) құрайды. Сақтандырылмаған тұрғындармен өзектендіру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық әкімдік және басқа да құзырлы мекемелермен жұмыс тобы бекітіліп, қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

– МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарды өзектендіру нұсқаулығына не кіреді?

– Қор филиалы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған әр тізімін аудан, қала әкімдеріне (әрі қарай –штаб алдын-алу қабылдап алу, беру актісі арқылы) жолдайды. Медициналық ұйымдар ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, тізімдегі санаттарды анықтайды. Тізімнен өздеріне қатысты санаттарды бөліп алып, қалғанын штабқа алдын-ала қабылдап алу, беру актісі арқылы жолдайды.

Штаб тізімдегі санаттарды өздеріне тиесілі дерекқорда өзектендіреді. Атқарылған жұмыстар бойынша штабқа мәліметті қабылдап алу, беру актісі арқылы жолдайды.

Дербес мекемелер санаттарды өздеріне тиесілі дерекқорда өзектендіреді. Атқарылған жұмыстар бойынша штабқа мәліметті мекемелерге алдын-ала қабылдап алу актісі арқылы жолдайды.

Штаб тізімді Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ –ақпараттық жүйеде азаматтарды салыстырып, нақтыланған санаттардың тізімін алдын-ала қабылдап алу актісі арқылы қабылдап алады. Нақтыланған тізімді облыстық әкімдікке және Қор филиалына хатпен жолдайды. Қор филиалы расталған санаттар бойынша мәліметті орталық аппаратқа хатпен жолдайды.

– 2023 жылы МӘМС үшін төлемдер қалай өзгерді?

– Жұмыс беруші қызметкер үшін жалақы деңгейінің 3% төлейді. Дербес төлеуші ағымдағы ай және одан кейінгі 11 айды қоса төлейтін болса (3500тг) 3 жұмыс күні ішінде сақтандырылады. БЖТ алдын-ала 3 айға (1725) төлем жасайтын болса 3 айдан соң сақтандырылады. – жалақының 3% мөлшерінде.

– МӘМС-ке қайда төлеуге болады?

– Екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері мен мобильді қосымшалары, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері,төлем терминалдары арқылы төлеуге болады (Qiwi, 24 касса т.б).

Л.САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы