- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Келес ауданында бала туу көрсеткіші жыл сайын артуда. Нәтижесінде мектепке баратын оқушылардың саны жыл сайын артып, қосымша мектеп салу мәселесі күн тәртібіне көтерілуде. Осыған орай, аудан аумағында биыл екі мектептің құрылысы бітсе, үш мектептің құрылысы басталуы жоспарлануда.

Биыл пайдалануға берілетін мектептердің бірі Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы. Аталған құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы барып, мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындалуы бағытында нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда жылу жүйесі, сыртқы абаттандыруы, құрылылыс материалдарының сапасына мәр беруі және спорт, асхана залдарына қойылатын құрал-саймандардың ыңғайлы әрі сапалысын орнату бойынша тапсырмаларды жүктеді. Берілген тапсырмалардың орындалуын өз бақылауында болатынын жеткізді. Айта кетейік, аталған білім нысанының ескі ғимараты 600 орынға лайықтанып, 1200 бала білім алуда.

Сонымен қатар, биыл ел игілігіне тапсырылатын білім ошағы Қошқарата ауылдық округінің орталғындағы №25 С.Сейфуллин мектебіне қосымша 300 орындық оқу, асхана және спорт зал құрылысы болып табылады. Аталған білім ошағының ескі ғимаратында 600 оқушы екі ауысымда білім алуда. Сыйымдылығы 300 орынға лайықталған болатын. Жаңа нысан ағымдағы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі жоспарланған. Құрылыс барысымен танысқан аудан басшысы Жәнібек Есенұлы мердігерге жұмысшы санын арттыру және сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Құрылысын барысы толықтай бақылауда болатынын жеткізді.