САРЫАҒАШ: «ӘСЕМ-АЙ» ЖШС АЙЫНА НЕШЕ БӨТЕЛКЕ СУ ӨНДІРЕТІНІ АНЫҚТАЛДЫ

546 көрілім

Аудан басшысы Арман Абдуллаев өңірдегі минералды су өндіретін зауыттарға барып, өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан «Әсем-Ай» ЖШС минералды су өндіретін зауыттың жұмыс барысын аралап көрді. Өндіріс барысымен таныстырған зауыт директоры Сәбит Құдайбергенов бүгінде минералды суға сұраныс жоғары екендігін айтып, жылдан-жылға өндіріс қуаты артып келе жатқандығын жеткізді. Аталған зауыттың қуаттылығы айына – 4 млн бөтелке.

Одан кейін, «Алекс» ЖШС минералды су өндіретін зауытқа табан тіреген аудан басшысы өндіріс орнының қуаттылығымен танысып, жұмысшылармен тілдесті. Аталған зауыттың директоры Иван Погребной аудан әкіміне өндірістің жұмыс барысын баяндады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы