Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан орталығындағы аудандық Мәдениет үйінде орналасқан №324 сайлау учаскесіне арнайы барып дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
– Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Ауданымызда 19 сайлау окургіндегі сайлау учаскелері сағат 07-00ден есіктерін ашып, сайлаушыларды қабылдауда. 71 441 сайлаушы өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар. Әр участок арнайы құралдармен жабдықталған. Әр аудан тұрғыны бүгінгі сайлаудың маңызын түсініп, жауапкершілік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауын жасайды деп ойлаймын, – деді Ж.Ағыбаев.

Келес ауданы бойынша сайлау учаскелерінде халықтың өз дауыстарын беріп, таңдау жасап сайлауға қатысуына барлық жағдай жасалған. Жалпы Келес ауданы бойынша 61 сайлау учаскелері жұмыс жасап тұр.