Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні.

Түркістан қаласында 62 сайлау учаскесі жұмысын бастап, таңғы 07:00-ден сайлаушыларды қабылдауда.

Түркістан қаласында жалпы 121 405 сайлаушы тұрады.
Алғашқы дауыс беруші белсенді азаматтарға сайлау учаскелерінде сый-сияпат жасалып, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.
