ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

301 көрілім

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде 2 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Аталған аумақта сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Олардың арасында 18-ге енді толған жастар мен зейнеткерлер де кездеседі.

Учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Түркістан облысында белсенділік жоғары. Облыстағы барлық сайлау учаскелерінде, жергілікті уақыт бойынша мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасап, дауыс беруде. 

Түркістан облысында жалпы үміткерлердің жалпы саны – 1211. ҚР Парламенті Мәжілісіне  – 19 үміткер, облыстық және аудан, қалалық мәслихаттарға – 1192 үміткер тіркелген. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша – 1112,  облыстық мәслихатқа 23 округ бойынша  – 81 кандидат, аудан, қалалық мәслихаттарға 292 округ бойынша – 1031 адам кандидатурасын ұсынған.  Партиялық тізіммен тіркелгендер саны – 80. Жалпы бірмандатты округтер бойынша үміткерлер саны – 1131.

Облыста 1168658 сайлаушы бар. Бұл – республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.  Дауыс беру кезінде облыстағы 941 сайлау учаскесінде 8 мыңнан астам байқаушы жұмыс істеп жатыр. 

Сайлау күнінде мүгедектігі бар жандарға да тиісті жағдай жасалған. Барлық өңірдегі сайлау учаскелерінде Брайль шрифті бар трафареттер, кандидаттар тізбесі бар бюллетеньдердің аудио нұсқалары қолжетімді. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталған. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы