Таяуда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен алғаш рет Қазақстанға сапармен келеді

246 көрілім

2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Энтони Блинкен Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, еліміздің премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Сонымен қатар СІМ 28 ақпанда Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысының және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтетінін атап өтті. Күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамыту мәселелері қаралмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы