ТҮРКІСТАН: “БАЛА ЖӘНЕ БАҒДАРШАМ” ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

469 көрілім

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде «Бала және бағдаршам» жобасы ұйымдастырылуда. Осыған орай тәртіп сақшылары Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында оқушыларды қатыстыра отырып түрлі іс-шаралар өткізуде. Оның бірінде «Менің қаламдағы қауіпсіз жол қозғалысы» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілсе, келесі білім ошақтарында оқушыларға қызықты да маңызды дәрістер берілуде. Мәселен Түркістан облысында 2 тәулікте 10-нан астам мектепте арнайы сабақтар өткізілді. Бұл үрдіс бұдан әрі де өз жалғасын таба бермек.

Нақтырақ айтсақ, облыс орталығы – Түркістан қаласының ювеналды полиция тобының инспекторлары, мектептерде бастауыш сынып оқушыларына арнайы түсіндірме сабақтарын өткізді. Сабақ барысында LED экран арқылы бейнероликтер көрсетіліп, көрнекіліктер пайдаланылды. Сондай-ақ бұл шараға облыс бойынша өз мектептерінің үздік оқушылары, яғни жас инспекторлар да қатыстырылды. Жасөспірімдер мектеп табалдырығын енді аттаған кішкентай оқушыларға жол қозғалысы ережесін түсіндіріп, жол белгілерін таныстырды.

Шара соңында мектеп оқушылары мен мұғалімдері полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, сабақ кезінде берген мағлұматтары күнделікті қажет екенін алға тартты. Жалпы, бұл іс-шаралар ІІІ-тоқсан аяқталып, көктемгі демалысқа шығып жатқан оқушыларға арнайылап өткізілуде. Себебі мектептен тыс жерде жүргенде жол ережесін сақтау өте маңызды. Бала қауіпсіздігі – басты назарда!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы