- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Ұлы дала елі» орталығында облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қазақтың өр рухты ақыны Махамбет Өтемісұлының туылғанына 220 жыл толуына орай оқушылар арасында облыстық «Ереулі атқа ер салмай» атты ақынның жырларын мәнерлеп жатқа айтудан өткен онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Облысымыздағы шығармашылыққа бейім, дарынды оқушыларды анықтап оларға қолдау көрсетуді мақсат еткен өнер сайысына 78 үміткер қатысып жеңімпаздар анықталып марапатталды.

Салтанатты іс-шарада сөз алған облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, Мәдениет саласының үздігі Алиакбаров Мейіржан Нұрғалиұлы жыр сүйер жас өрендердерді бүгінгі жеңістерімен құттықтап атаулы байқаудың бүгінгі ұрпаққа берері мол екенін, Махамбет мұрасындағы жырлардың ұлтымыздың өшпес биік рухы, мұқалмас жігері, азаттыққа ұмтылысын жастар арасында насихаттаудың маңыздылығын айтып өтті.
Айта кетейік озық идеяларды іздеу, оқушылардың шығармашылық кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында мектеп оқушылары арасында өтетін облыстық онлайн байқаулар жалғасын таппақ. Сайыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар таратылды. Жас ерекшеліктеріне қарай, жеңімпаздар анықталып, арнайы сый сияпаттар мен дипломдар табысталды.