«ЖІБЕК ЖОЛЫНДА» ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ АЛЛЕЯСЫ БОЛАДЫ

521 көрілім

Түркістандықтар ағаш отырғызып, шаһарды жасыл желекке айналдыру рәсімін бастап кетті. Соның ішінде журналистер қауымы да жанға жайлы саялы орындардың санын арттыруға өз үлесін қосуда.

Атап айтсақ, жаңадан бой көтерген «Жібек Жолы» саябағында жергілікті ақпарат саласы өкілдерінің бастамасымен «Журналистер аллеясын» ашу әрекеті қолға алынды. Көп ұзамай мұнда Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен тиісті жабдықтар орнатылған арнайы орын бой түзейтін болады.

Соның алғашқы қадамы ретінде Түркістан қаласындағы бір топ журналистер еңбек жемісті болсын деген ниетпен 200 түп жеміс ағаштарын отырғызды. Айта кету қажет игі істі бастауға белгілі журналист Төребек Байтасов ұйытқы болды. Оған бірқатар жергілікті журналистер мен еріктілер белсене атсалысты. Сондай-ақ, «Хабар» агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі Жандос Жұмабек, «Түркістан Медиа» ЖШС директоры Мәлік Дәулетов, Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Ғабит Сапарбеков сынды өзге де ақпарат саласының өкілдері «Жібек Жолы» саябағындағы белгіленген аумақта жеміс көшеттерін отырғызды.

Динара БЕКТАС,

ХКТУ-дің 4-курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы