«УРАНҚУАТ» ЖШС-НА 5,5 МЛН,ТЕҢГЕ СОМАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

425 көрілім

«Уранқуат» ЖШС-ның қызметіне тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Уранқуат» ЖШС-на қатысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс рәсімдерін сақтау бөлігінде әкімшілік іс қозғады.

Нәтижесінде, «Уранқуат» ЖШС-ы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жалпы сомасы 5 520 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ және субъект оған сот арқылы шағым беруге құқылы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы