ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ МАЙОРЫ – АЙЖАН ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

492 көрілім

Күнделікті өмірде де отбасында да орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алып, оларды болдырмауға үлес қосып жүрген шенді арулардың еңбегі ерен. Солардың бірі жұмысқа деген ынтасы бөлек, өз қызметін жоғары деңгейде атқарып жүрген полиция майоры Айжан Мырзахметова. Айжан Әділбекқызы Мырзахметова, 1984 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. Ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет атқарып келе жатыр. Қазіргі таңда Арыс аудандық полиция бөлімі “Әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау” тобының инспекторы қызметінде ерен еңбек етіп келеді. Шенді ару полицияда қызмет етіп халықтың алғысына бөленудің өзін ерекше бақыт деп санайды.

– Әрине жұмыстың оңайы жоқ. Дегенмен көмекке мұқтаж әйелдер мен балалар барда бей – жай отыру мүмкін емес. Оларға дер кезінде көмек көрсетіп, қажетті заңды тетіктерді жүзеге асыру басты міндет. Қажет кезінде құтқарушы да, заңгер де, психолог та болып жүрген біздің қызметімізге халық оң пікір мен дұрыс бағасын берсе болғаны – дейді полиция майоры Айжан Әділбекқызы.
Отбасында екі қыз, үш ұл тәрбиелеп отырған Айжан Мырзахметованы Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдердің құқығын қорғау саласындағы қажырлы қызметіңізге сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы