ІСКЕР КАПИТАН – ЖАННА

541 көрілім
Орынбаева Жанна Мұхтарқызы 1986 жылы Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Ішкі саласындағы қызмет жолын 2014 жылдан бастап, қазіргі таңда екінші арнайы бөлімінің инспекторы полиция капитаны шенінде қызмет атқарады. Қызметіне деген адалдығының арқасында Ішкі істер министрі мен Департамент басшылығынан  түрлі алғыс хаттармен марапатталып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жанна Мұхтарқызының он саусағынан өнер тамған іскер шебер екенін бірі білсе бірі білмейді. Бос уақытында моншақтардан қыз келіншектерге арналған сөмке тоқып, оны жеке кәсіпке айналдырып жүр. 
  
-« Әйел қауымының қашанда сұлулыққа жаны құмар. Ал моншақ тоқу өнері нәзіктікті, шыдамдылықты және шеберлікті талап етеді. Ойымызда тұрған әсемдікті қолмен жасай алу деген дарын емес пе? Қолымнан келетін бұл өнерімді болашақта одан ары дамытып, барша нәзік жандыларға көмегім тигенін қалаймын!» - дейді полиция капитаны. 
   
Өз ісіне шын берілген іскер маманды көктемнің айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта қызмет жолына толағай табыстар тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы