«ШОЛАҚҚОРҒАН-СУ» МКК-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФТЕР БЕКІТІЛДІ

456 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін “Шолаққорған-Су” МКК-на суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Шолаққорған, Жеткеншек, Созақ,  Қарагур, Қаратау, Сызған, Аққолтық, Жартытөбе, Жыныс, Ыбырай,  Бабата,  Құмкент, Жантөбе ауылдарына  тариф пен тарифтік сметаны 317,39 теңге/1 м3-тен 166,36 теңгеге дейін немесе субъект тарифінің жобалық деңгейінен 52,42% төмендете отырып  бекіту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, тұтынушылар топтары бойынша монополистің тарифтері төмендегідей қабылданды:

• Халыққа – 95,53 теңге/м3;

• Бюджеттік мекемелер – 207,19 теңге/м3;

• Басқалар – 208,28 теңге/м3.

Аталған тарифтер 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы