Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін, «Мақтаарал» КШТК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне тариф және тарифтік сметасын жобалық деңгейден 48,72%-ға төмендете отырып, яғни 325,68 теңге/м3-ден 166,99 теңге/м3-ге дейін бекіту туралы шешім қабылдады.
Тариф жобасын «Мақтаарал» КШТК-ы 325,68 теңге/м3 мөлшерінде ұсынды.
Аталған тариф 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.