КЕЛЕСТЕ МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

431 көрілім

Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округі аумағынан жалпы құны 610 млн теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Аталған жобаны «Saryagash Alpamys» ЖШС іске асырмақ. Жоба іске асқан жағдайда 50 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда. Зауыттың жылдық қуаттылығы жылына – 5,9 млн литр су өндіруі көзделген. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Бекітілген кестеге сәйкес аудан басшысы Жәнібек Есенұлы Алпымыс батыр ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Алпамыс батыр ауылдық округі, Ақжол елді мекенінде орналасқан «Дархан» шекара бекетінің бұрынғы ғимаратына қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биыл Алпамыс ауылдық округінде спорт алаңы салынып, пайдалануға берілсе, орталық көшелері жөнделіп, гүлзар құрылысы қатар жүреді. Қауыншы елді мекенінен жаңа 600 орындық мектеп салынуы бойынша қажетті шаралар атқарылуда.

Кездесу барысында тұрғындар суармалы жер, ағын су, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, спорт алаңшаларын салу бағытында сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптары берілді. Аудан әкімі жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерін шешу бағытында салалық бөлімдер мен ауыл әкіміне тапсырмалар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы