БӘЙДІБЕКТЕ ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

391 көрілім

Халыққа медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес Бәйдібек аудандық орталық ауруханадан инсульт орталығы ашылды. Инсульт ауруына шалдыққан науқастарға осы орталықта сауықтырудың бірінші, екінші кезеңдік дәрігерлік көмегі көрсетіледі. Инсульттің ишемиялық түрінде тромболизистік ем қолданылады. Геморрагиялық түрінде түрлі бас миына оталар жасалады.

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков ашылған инсульт орталығына арнайы барды. Ауданның бас дәрігері Гүлдария Шардарбекова аудан әкіміне орталықтағы инсульттың алдын алу және емдеу үшін аса қажетті заманауи компьютерлі томограф аппараты орнатылып, іске қосылғандығын баяндап, емдеу ісіндегі артықшылықтарын түсіндірді.

Компьютерлі томограф аппараты адамның ағзасындағы қан-тамыр жүйесін толықтай зерттеуге мүмкіндік береді.

Енді ауданындағы ауылдық, елді мекен тұрғындарының облыс орталығы мен басқа да қалаларға барудың қажеті жоқ. Орталықта науқастардың ауру деңгейін анықтайтын компьютерлі томограф аппараты тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін болады. Медицина мамандарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы