Ағымдағы жылы ақпан айының 23-26 күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейро каласында, каратэ wkf түрінен жасөспірімдер арасында «Karate 1 Youth league» атты әлемдік рейтингтік турнирі өтті. Әлемнің 66 елінен қаратэшілер қатысқан турнирге ауданымыздың жас спортшысы Туртбай Жасұлан 55 келі салмақ дәрежесінде қатысып, жоғары дайындығының арқасында жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Айта кетсек, Туртбай Жасұлан Сарыағаш қаласы, №66 Толыбай батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы. Жас спортшы №2 спорт мектебінің жаттықтырушысы, үшінші дан иегері тәжірибелі маман Абай Акимбаевтың шәкірті.

Турнирдің мақсаты 2026 жылы Африка құрлығының Сенегал елінде жасөспірімдер арасында өтетін олимпиадаға қатысуға рейтингтік ұпайлар беріледі. Тартысты өткен жоғары турнирде жүлдеге ілігіп, қажетті ұпайларға ие болу тамаша жетістік! Сарыағаштық каратэ шебері Жасұланға алдағы болатын жарыстарда да жаңа жеңістер мен табыстар тілеп, әлемдік аренада көк туымызды желбірететініне кәміл сенеміз!